«Искорки» ансамблі 1974 жылы құрылған. Бұл 6 жастан 17 жасқа дейінгі 300-ден астам баланы біріктіретін шығармашылық топ. Құрылған ішінде хореографиялық ұжым бірнеше рет дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 1984 жылы «Искорки» ансамблі «Үлгілі» атағына ие болды.

 

Ансамбльде балалар хореографиялық өнердің негіздерін үйренеді. Оқыту 6 жылға созылады. 1 және 2 курстар аптасына 2 рет 1,5 сағаттан ал 3,4,5 және 6 курстар - аптасына үш рет 1,5 сағаттан оқытылады.

 

 

1 және 2 курстарда ырғақты сабақтарға баса назар аударылады, классикалық би негіздері, халықтық би элементтері оқытылады.

 

Үшінші курста «Қазақ биі» пәні қосылады, онда балалар қолдардың, аяқтардың, дененің жай-күйімен танысады және қазақ биінің негізгі қимылдарын біледі.

 

4-курста «Тарихи-тұрмыстық би» пәні негізгі пәндерге қосылады (классикалық және халықтық би). Курста 16-19 ғасырлардағы би мәдениетін зерттеудің теориясы мен тәжірибесінің негіздері айталады.

 

5-курста «Спорттық бал биі» немесе «Заманауи би» сабағын оқиды.

 

6-курста бидің құрамы мен қойылымы пәні енгізіледі. Оқушылардың өздері би нөмірлерін қоюға үйренеді. Оқу жылының соңында олар теориялық және практикалық емтихан тапсырады және оқу бітіргені туралы куәлік алады.

 

Оқуды бітіргеннен кейін балалар ансамбльде ақысыз негізде қалады.

 

Жылына бірнеше рет ансамбль республикалық және халықаралық хореографиялық байқауларға қатысады. Ансамбль қалалық, облыстық және республикалық іс-шараларға белсенді қатысады.

 

Ансамбльдің түлектері хореографияның барлық салаларында Қазақстан, Ресей және басқа елдердің жоғары оқу орындарында оқиды және сабақ беріп жүр.