Қолданбалы факультетте дизайн және модельдеу, көркем тоқу және киім дизайны пәндері оқытылады.
Қолданбалы факультеттің педагогтары әдістемелік жұмыспен жыл сайын облыс және қала мұғалімдері үшін семинарлар мен ашық сабақтар өткізеді.
Қолданбалы факультетте 10 - 17 жас аралығындағы балалар оқиды. Оқу мерзімі - 3 жыл. Оқушылар теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болады. Өздері жасаған бұйымдарын оқу жылының соңында «Престиж» сән театрының көрсетілімінде көрсетеді.
Қолданбалы факультеттің оқушылары халықаралық фестивальдерге, байқауларға, көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Жеке тұлғалық ойлауының өзіндік ерекшелігі қолданбалы факультеттің жұмысының басты нәтижесі болып табылады.