Қай халықта болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық музыкалық өнері болады. Сан ғасырлар халқымызбен бірге жасасып келе жатқан рухани төл өнерімізде қобыз аспабының орны ерекше. Қобыз аспабын, қобыз күйлерін сөз еткенде күй атасы, қобыз атасы – Қорқытты алдымен ауызға аламыз. Ол киелі аспаптың үнінен мәңгілік өмір іздеп, халықтың мұң-шерін, зарын қобыз сарынымен жеткізе білген.