Үлгілі «ЖасART» балалар театры өз жұмысын 2004-2005 оқу жылында қарапайым үйірме ретінде бастады.
Театрдың екі жылдық бағдарламасында дүниежүзілік және қазақстандық театрлардың даму тарихы туралы түсініктер беру, театралдық терминдерді ұғындыру, балалардың ой- өрісін кеңейту, шығармашылық – іздену қабілеттерін дамыту, есте- сақтау қабілетін жетілдіру, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру міндеттері толығымен қамтылған.
Сонымен қатар, театр-ұжымдық өнер болғандықтан, үйірме мүшелерінің бойына татулық, өзара көмек, жанашырлық сезімдерін сіңіруге септігін тигізеді, ұлттық дәстүрде тәрбиелейді, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке баулиды.
Бағдарлама 8-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған және осы бағдарлама аясында балалар түрлі облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
2019 жылы «ЖасART» балалар театры «Үлгілі театр» атағын иеленді.