«Арлекин» қуыршақ театры 1999 жылдан бастап жұмыс жасауда.
Қуыршақ театры балаларға, әсіресе бастауыш мектеп жасына өте ұнайды, сондықтан оны қолдану балалардың эстетикалық тәрбиесін ұйымдастыруға үлкен септігін тигізеді.
Үйірме репертуарында эстрадалық және драмалық нөмірлерден тұратын концерттік бағдарламалар мен қойылымдар (әндер, қуыршақтармен би, театрлық композициялар, пантомимдер, клоун және т.б.) бар.
Қуыршақ театры балаларды басқару қуыршақтарының 19 түрімен таныстырады. Үйірмеге 9-17 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Қуыршақ театры қаламыздағы және одан тыс жерлерде өтетін фестивальдерге, байқауларға белсенді қатысады.