Тәжірибе көрсеткендей, баланың шығармашылығы мен ой-өрісін ашуға мектепке дейінгі дайындық көмектесіп, мектеп алдындағы тиімді дайындық болып саналады, яғни бұл ата-аналардың балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі әлеуметтік сұранысы болып табылады.

 

Сондықтан, 1988 жылы қалалық оқушылар Сарайында 6 жастағыларға арналған эстетикалық даму мектебі ашылды, соңғы жылдары ол – Балалар шығармашылығы Академиясының мектепке дейінгі факультеті.

 

Осы тұрғыдан қалалық оқушылар Сарайы мектепке дейінгі балаларға арналған дамыту бағдарламасының жинағын ұсынады.

 

Бағдарламаның басты мақсаты:

 

Әрбір баланың шығармашылық қабілетін анықтау және бір бағытты таңдап оқушылар Сарайындағы үйірме сабақтарына қатысу үшін көмектесу.

 

Оқыту ортасын жасау арқылы, балалардың ойын кезеңінен оқу әрекетіне өтуді ұйымдастыру.

 

Мектепке дейінгі балаларға оқудың жаңа сатысына күштеусіз, күш жұмсаусыз өтуге көмектесу.

 

1 саты – 4 жастағы балалар, сабақ жетісіне 1-2 рет өткізіледі.

 

Оқитын сабақтары: ана (қазақ) тілі, дамыту ойындары, сурет, ән, ритмика.

 

2 саты – 5 жастағы балалар, сабақ жетісіне 2 рет өткізіледі. Оқитын сабақтары: ағылшын тілі, ана (қазақ) тілі, дамыту сабағы, сурет, ән және музыка, хореография.

 

3 саты – 6 жастағы балалар, сабақ жетісіне 2 рет болады.

 

Оқитын сабақтары: ағылшын тілі, ана (қазақ) тілі, сауат ашу, математика, сурет, ән және музыка, хореография.

 

Мектепке дейінгі балалармен жоғарғы білімді авторлық немесе вариативтік бағдарламасы бар тәжрибелі педагогтар жұмыс жасайды.

Ата-аналар мен педагогтар арасындағы байланысты және балаларының дамуына өз үлестерін қосуды нығайту мақсатында оқу жылында екі рет ашық сабақ өткізіледі.

Эстетикалық даму мектебін бітірген балалардың 40 %, оқушылар Сарайындағы әртүрлі үйірмелерге қатысады.

Бастауыш кластарға қабылдау сынақтарында эстетикалық даму мектебі оқушыларының ой-өрісіне, жақсы дайындығына орта білім беретін мектептердің мұғалімдері үлкен баға береді.

Бұның барлығы мектепке дейінгі дайындыққа педагогтардың тиянақты жауапкершілігін көрсетеді.