1973 жылы Ақтөбе қалалық Оқушылар сарайында бейнелеу өнері студиясы құрылды. 1986 жылы бейнелеу өнері студия «Үлгілі» атағын алды.

 

1997 жылдан бастап Бейнелеу өнері студиясы балалар шығармашылығы академиясының бейнелеу өнері факультеті болып қайта құрылды. Бағдарлама кеңейтілді, бұл Академия түлектеріне көркемсурет колледждеріне немесе жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді.

 

2010 жылы бейнелеу өнері - факультет Қазақстандық ЮНЕСКО клубтарының федерациясының мүшесі болды.

 

Скуратович Наталья Михайловна - жоғары санатты оқытушы, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Еспай Айнагүл Нығиметқызы - өнер шебері, Самарбаева Жанар Аманкелдиевна - жоғары санатты оқытушы. Бейнелеу өнері факультетінің 12-17 жас аралығындағы 100 оқушылары, біздің республикада және шетелде өткізілетін көрмелер мен байқаулардың тұрақты қатысушылары.

 

10 жыл ішінде «Балалар әлемді бояйды» республикалық байқауында жеңімпаз атанып, кітап жинағына енді.

 

2015 жылы «Үндістанның жарқын түстері» халықаралық балалар суреттері байқауының жеңімпаздарын Үндістанның Елшісі қалалық Оқушылар сарайында марапаттады.

 

Факультеттің тәрбиеленушілері Алматы, Шымкент, Қызылордадағы ЮНЕСКО клубтары ұйымдастырған республикалық шеберлік сабақтарына қатысты.

 

Факультеттің пеадгогтары Ақтөбе қаласы мен облыс мектептерінде бейнелеу өнері мұғалімдеріне, сонымен қатар қосымша білім беру оқу педагогтары үшін көптеген республикалық, облыстық, қалалық шеберлік сабақтарын өткізіп жүр.

 

Бейнелеу өнері факультетінің түлектері - халықаралық деңгейдегі танымал суретшілер. Бұл Марат Бекеев - Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Оның жұмыстары Алматыдағы Қастеев ат. музейде, көптеген елдердің жеке коллекцияларында.

 

Қуаныш Базарғалиев - Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Франция, Англия, Скандинавия елдеріндегі көрмелерге үнемі қатысады.

 

Қазіргі уақытта Ақтөбе облыстық өнер мұражайының директоры Марат Ғабдрахманов БҰҰ-да өз жұмыстарын көрсетті.