Қалалық оқушылар Сарайы – қаламыздағы 71 мектептің «Жас Ұлан» ұйымын бір орталыққа басын қосып, балалар қозғалысының қаламызда дамуына септігін тигізіп жүрген орталық. Әр бейсенбі - қала мектептері үшін Қалалық оқушылар Сарайында әдістемелік күн. Көпшілік іс-шаралар жоспарына сәйкес, 26-қаңтар күні сағ.: 15.00-де «Жас Ұлан» Ревю» шығармашылық презентация байқауы ұйымдастырылды.

Жас Ұлан» Ревю» қалалық шығармашылық презентация байқауында жасұландарымыз өз мектептеріндегі, қоғамдық шаралардағы жарқын істері мен қызметтері туралы үгіт бригада көрсетті. Сонымен бірге, жасұландар өздері түсірген вайндарын ұсынды. Вайн – ол, қазіргі таңда интернетте танымал қызықты шағын роликтер.

Байқауда № 6, 8, 31, 33, 36, 46, 48, 53, 55, 60, Ақтөбе, Елек, Новый ОМ өзара сайысқа түсті.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегідей қорытындыланды:

Бас жүлде – Новый ОМ

1 орын – Елек ОМ

2 орын – № 31 ОМ, Ақтөбе ОМ.

3 орын - № 33 ОМ, № 60 ОМ