«АҚТӨБЕ- ДАРЫН» ӨҒТҚББО
"ҚАЛАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ" МКҚК
Бекітемін____________
«Ақтөбе- Дарын» өңірлік
ғылыми – тәжірибелік
қосымша білім беру
Орталығының
директоры
Бекмаганбетов Н.О.
«Ақтөбе- Дарын» ӨҒТҚББО мен «Қалалық оқушылар Сарайы» «Бозторғай- 2022» облыстық қазіргі заман эстрадалық әндер байқауын өткізетінін жариялайды.
Байқаудың мақсаты:
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің жетілдіруіне дамуына жағдай тұғызу;
- талапты балаларды қолдап, оларды насихаттау;
- Отанға сүйіспеншілігін тәрбиелеу:
- музыка-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру.
Байқаудың өткізілетін күні:
2022ж., 20 сәуір, сағ.10.00 -12.00, 14.00-17.00
2021ж., 21 сәуір, сағ. 15.00- марапаттау
Байқауға қатысу шарттары:
- Байқауға әр мектептен және қосымша білім беру мекемесінен 5-10 класс аралығындағы 2 оқушысы қатыса алады
- Жас ерешеліктері: І топ – 5 -7 класс,
- ІІ топ – 8 – 10 класс ,
- Қатысушы өз қалауы бойынша 1 эстрадалық ән немесе патриоттық ән орындайды.
- Музыкалық трек флеш-жинақтаушыда болуы қажет
- Техникалық кедергілер туындаған жағдайда қосымша нұсқа болуы қажет;
- Флеш-жинақтаушыны оқушылар Сарайының операторына байқаудан 1 күн бұрын тексерту қажет.
- Bek – вокалды орындаушыға қосылушылар өз даусымен айтуы керек.
- Республикалық және Халықаралық байқаулардың Лауреаттары қатысуға жіберілмейді.
Өтініш үлгісі:
«Қалалық оқушылар Сарайы»
МКҚК директоры
Н. Мусабековаға
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Оқу орны (қала, аудан, мекен, мектеп) |
Жасына қарай тобы (класы) |
Орындалатын шығармасы, хронометраж |
Жетекшісінің аты –жөні, ұялы тел., |
|
|
|
|
|
|
Мектеп директорының қолымен куәландырылған өтініштер 2022жылдың 15 сәуіріне дейін қабылданады.
Өтінішті Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберілуі тиіс (өтініш түсінікті, анық болуы керек).
Байқауды бағалау :
- Қазылар алқасының құрамында жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды
- Бағалау 5 баллдық жүйемен және келесі талаптарды ескере отырып жүргізіледі
- Әншілік шеберлігі (вокалдық қабілеті, дауыстың ашықтығы, әннің сөздерін таза, ашық айтуы);
- Әннің тақырыбы орындаушының жас ерекшелігіне, вокалды – техникалық мүмкіншілігіне сай болу керек;
- Орындаушының ерекшелігі мен сазгерлігі;
- Орындаушының костюмы, макияжы, аксессуарлары,т.б. жабдықтары;
- Фонограмма сапалығы ( музыка жазбасы).
- Қазылар алқасының шешімі хаттама тіркеліп соңғы шешім болып табылады.
- Байқау жеңімпаздары «Ақтөбе- Дарын» өңірлік ғылыми – тәжірибелік қосымша білім беру Орталығының дипломдарымен марапатталады.
Байқудың қаржылық шарттары:
- Байқауға қатысу- ақысыз;
- қатысушылардың жол жүру, тұру, тамақтану шығындарын жіберуші қамтамасыз етеді.
Қосымша шарттар:
1. Қатысушылардың өнер көрсетуі ұйымдастырушылар берген кестесі бойынша өткізіледі.
2. Ұйымдастырушы құқылы:
- байқау барысында түсірілген фото - бейнематериалдар уақыт және кеңістікпен шектелмей, жарнамалық мақсатта пайдалануды;
- қатысушылар дау-жанжал шығарып, басқа қатысушыларға, қазылар алқасы мен ұйымдастырушыға тіл тигізген жағдайларда байқауға қатыстырмауға;
3. Ұйымдастырушы байқауға қатысушыларына бейнематериалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Біздің мекенжай: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 50
тел.: 8 (7132) 560028 - оқу бөлімі;
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
ұялы тел.: 8 - 708 - 628-91-29 - Сырбаева Талма Маликовна