«Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикалыық Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпанындағы №57 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.
Бос педагог қызметіне жарияланған бос орындар: орыс тілінде оқытатын қуыршақтар (үлкен қуыршақ) театрының қосымша білім беру мұғалімі – 12 сағат (95 962 теңге) және орыс тілінде оқытатын қуыршақтар (петрушка қуыршақтары) театрының қосымша білім беру мұғалімі – 6 сағат (47 981 теңге), сүйемелдеуші 16 сағат (79 941 теңге), дизайн пәні бойынша қосымша білім беру педагогі - 12 сағат (106 588 теңге)
Конкурс Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 50 (индекс 030019) үй мекен жайы және электронды адрес; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., тел.: 8 (713)256-74-85 қабылданады.
Құжаттар тізімі:
1. Осы Қағидаларға 10-қосымша сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электоронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. «Денсаулық сақтау саласындағыы епепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттыңи толтырылған бағалау парағы.