Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясы
қолдауымен өтетін
"Сөздің сиқырлы күші " облыстық
көркем сөз байқауының
НҰСҚАУЫ
Ұймдастырушы: ЮНЕСКО қолдауымен
"Қалалық оқушылар Сарайы" МКҚК
Өткізілетін орны: "Қалалық оқушылар Сарайы" МКҚК көрермен залы
Өткізілу мерзімі: 18.04. 2022 ж., сағ 10.00-12.00, 14.00-17.00
Марапаттау: 19.04.сағ. 15.00
Мақсат: Әдеби шығармашылықты насихаттау арқылы балалардың тіл мен әдебиетке, мәдениетке деген ықыласын арттыру.
Міндеттері:
- еліміздің рухани бірлігін және өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін нығайту;
- дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету және балалардың шығармашылығын дамыту, ынталандыру;
- байқау кезінде адал бәсекелестік қалыптастыру.
- Байқаудың өткізілу шарттары мен тәртібі:
1.1. Еркін тақырыпта қазақ немесе әлем ақын-жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқу.
1.2.Байқауға жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатыса алады.
1.3.Әр мекемеден әр жас ерекшеліктерінен 1 оқушыдан қатыстырылады (мүмкіндігінше).
1.4. Оқылатын шығарма мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалады.
- Жас ерекшеліктері:
І топ 6-9 жас - өлең оқу (2 минуттан аспау керек);
ІІ топ - 10-13 жас – поэзия немесе прозадан үзінді оқу(3 минуттан аспау керек ;
ІІІ топ - 13-16 жас - поэзия немесе прозадан үзінді оқу
-3-5минут аралығында.
- Байқаудың талаптары:
3.1. Өтініш білдіру:
- мекеме басшысының қолы мен мөрі қойылған өтініш баспа түрінде белгіленген нұсқасы бойынша(қосымша 1)тапсырылады;
- өтініш 2022 жылғы 8 сәуірге дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына қабылданады. (өтініш түсінікті, анық болуы керек).
- Қатысушылар саны шектен тыс көбейген жағдайда Ұйымдастырушы комитеті көрсетілген уақытынан бұрын өтініштер қабылдауын тоқтатуға құқылы.
3.2. Байқудың қаржылық шарттары:
- байқау ақысыз өткізіледі;
- қатысушылардың жол жүру, тұру, тамақтану шығындарын жіберуші қамтамасыз етеді.
- Техникалық талаптар:
4.1. Музыкалық көркемделуі тректер көрсетілген флеш-жинақтаушыда болуы қажет. Техникалық кедергілер туындаған жағдайда қосымша нұсқа болуы қажет.
4.2.Флеш-жинақтаушыны алдын-ала (байқаудан 1-2 күн бұрын) оқушылар Сарайының операторына тексерту қажет.
- Бағалау мен марапаттау:
5.1. Қазылар алқасы.
- Қатысушылардың өнерін кәсіби қазылар алқасы жабық дауыс беру арқылы бағалайды. Қазылар алқасының құрамы театр, мәдениет салаларының құзырлы мамандары мен қосымша білім беру педагогтары-балалар театрының жетекшілерінен тұрады;
- ұжым байқаудың уақыт шектелуін бұзса, бағалау кезінде ұпайлары шегеріледі;
- қазылар алқасының шешімі хаттамаға енгізілгеннен кейін, соңғы болып есептелінеді және өзгертілмейді .
5.2. Бағалау критерийлері:
- тақырыпқа сәйкестігі;
- әртістік шеберлік;
- сөйлеу, музыкалық-пластикалық мәдениеті;
- шығарманың түпкі ойының жеткізу ерекшелігі;
- қатысушылардың репертуары жас шамасына сәйкестігі,
5.3. Марапаттау:
- әр жас ерекшелігі бойынша І,ІІ,ІІІ дәрежелі лауреаты;
- қатысқаны үшін Сертификаттар
- Айрықша шарттар:
6.1. Қатысушылардың өнер көрсетуі ұйымдастырушылар берген кестесі бойынша өткізіледі.
6.2. Өтініш тапсырған соң түсінбестік болмау үшін байқау Ұйымдастырушылармен үнемі байланыста болу керек.
6.3. Ұйымдастырушы құқылы:
- байқау барысында түсірілген фото - бейнематериалдар уақыт және кеңістікпен шектелмей, жарнамалық мақсатта пайдалануға;
- қатысушылар дау-жанжал шығарып, басқа қатысушыларға, қазылар алқасы мен ұйымдастырушыға тіл тигізген жағдайларда байқауға қатыстырмауға;
-Ұйымдастырушы байқауға қатысушыларына бейнематериалдарды пайдалануға мүмкіндік беруге.
Біздің мекенжай: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 50
тел.: 8 (7132) 560028 - оқу бөлімі;
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
ұялы тел./WhatsApp:+7-708-626-91-29- Сырбаева Талма Маликовна
8-771-310-94-68 - Таубатырова Мира Тыныштыковна
Қосымша №1
«Қалалық оқушылар Сарайы»
МКҚК директоры
Н. Мусабековаға
"Сөздің сиқырлы күші" облыстық
көркем сөз байқауына қатысуға
ӨТІНІШ
Қала, аудан |
|
Мекеменің, атауы |
|
Қатысушының аты-жөні |
|
Жас ерекшелігі |
|
Оқылатын шығарманың атауы, авторы |
|
Ұзақтығы /хронометраж/ |
|
Жетекшінің аты-жөні |
|
Жетeкшінің e-mail және тел. |
|
Мекеме басшысының қолы, мөрі