2022 жылғы 29 қыркүйекте М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясы ұйымдастырған «The Planet of ART - 2022» Халықаралық фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.

"Жібек жолы: мәдени мұра", "Жібек жолы: инновациялар" және "Жібек жолы: Халықтар Достығы" номинациялары бойынша жобаға 8000-нан астам бала қатысты. Қатысушылар әлемнің түрлі елдерінен 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жастарды қамтыды.

Фестивальдің финалдық бөлігі әлемнің түрлі елдерінен келген 45 жеңімпазды біріктіріп, оларды Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматы қаласында таңғажайып бағдарлама күтіп тұрды. Балаларға Қазақстан Республикасының жетекші педагогтары мен және өнер қайраткерлерінің шеберлік сыныптары мен тренингтерінен өтуге бірегей мүмкіндік берілді. Бағдарламаның бірінші күні, 2022 ж. 29 қыркүйегi күнi  сағат 18:00-де М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында жоба финалистерінің жұмыстарының көрмесі, фестиваль жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және фестивальдің музыкалық циклі жас лауреаттарының қатысуымен керемет концерт өтті.

Ұйымдастырушылар: Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясы (@unescoclubskz)

Қолдауымен: Алматы қаласының әкімдігі (@akimat_almaty), ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросы (@unescoalmaty), «Теңізшевройл» ЖШС, «Kaz Petrol Group» ЖШС, «Құмкөл көлік қызметі» ЖШС, Tengrinews ақпараттық агенттігі (@tengrinewskz), Qazak Ballet Magazine журналы (@qazaqballet), «ALT Sound+» компаниясы (@altsound_group), Holiday Inn Express қонақ үйі (@holidayinnexpress.almaty), Хаджаевалар имидж-студиясы (@image_studio_khadzhaevyh), Ерлан Айнабеков студиясының (@erlan_ainabekov_studio) және @steppe.wind.design.