24 қараша күні Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы мүшесі-«Қалалық оқушылар Сарайында» аталған ұжым мен Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясы қолдауымен облыстық «Күмбірле, сазды домбыра» атты жас күйшілер мен термешілер байқауы өтті. Байқау екі номинация бойынша аспаптық жанр-домбырада және дәстүрлі ән айту бағытында өтті. Екі номинацияда да жеке орындау және ансамбльмен орындау бойынша жас өнерпаздар бақ сынасты. Байқауға облыстың Әйтеке би, Байғанин, Мәртөк, Қарғалы, Шалқар аудандары, сонымен қатар қаланың қосымша білім беретін мекемелерінен ,жалпы білім беретін орта мектептері қатысты. Байқауға 211 қатысушы қатысты. Байқауға облыстық филармонияның кәсіби өнерпаздары және А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің ұстаздары қазылық етті. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар келесідей жүлделі орындарға ие болды.
Балалар музыка мектептері тәрбиеленушілері арасынан «дәстүрлі ән» бойынша:
Кіші топ:
1 орын –Бекболатқызы Айым, №1 Балалар музыка мектебі,
2 орын – Қарағұл Сұлтан, Шығармашылық академиясы,
3 орын – Бисембаева Айнур, Қ.Медетов атындағы балалар өнер мектебі (Мәртөк ауданы)
Орта топ:
1 орын – Жолдыбаева Қаршыға, Әйтеке би аудандық балалар саз мектебі(Әйтеке би ауданы)
2 орын - Рахат Жансен, Шығармашылық академиясы.
3 орын – Балтабай Раушан, №1 Балалар музыка мектебі.
Жоғарғы топ:
1 орын – Назарбаева Ақерке, №1 Балалар музыка мектебі,
2 орын – Төремұратова Азиза, Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар аудандық саз мектебі.
3 орын – Қапан Ақнұр, Әйтеке би аудандық балалар саз мектебі.