Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясы

қолдауымен өтетін облыстық

"Сөздің сиқырлы күші " көркем сөз байқауының  

НҰСҚАУЫ

 

Ұймдастырушы:  ЮНЕСКО қолдауымен

                               "Қалалық оқушылар Сарайы" МКҚК

Өткізілетін орны: "Қалалық оқушылар Сарайы" МКҚК көрермен залы

Өткізілу мерзімі:  18.04. 2023 ж., сағ. 10.00-12.00, 14.00-17.00

        Марапаттау: 19.04.сағ. 15.00

 

Байқау мақсаты: Әдеби шығармашылықты насихаттау арқылы балалардың   тіл мен әдебиетке, мәдениетке деген ықыласын арттыру.

Байқау міндеттері:

-  еліміздің рухани бірлігін және өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін нығайту;

- дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету және балалардың шығармашылығын   дамыту, ынталандыру;

- байқау кезінде адал бәсекелестік  қалыптастыру.

 

  1. Байқаудың өткізілу шарттары мен тәртібі:

1.1. Еркін тақырыпта  қазақ немесе әлем  ақын-жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқу.

1.2.Байқауға   жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары   қатыса алады.

1.3.Әр мекемеден  әр жас ерекшеліктерінен   1 оқушыдан қатыстырылады (мүмкіндігінше).

1.4. Оқылатын шығарма мемлекеттік және орыс тілдерінде  орындалады.

 

  1. Жас ерекшеліктері:

 І топ   6-9 жас  - өлең оқу (2 минуттан аспау керек);

ІІ топ -  10-13 жас – поэзия немесе прозадан үзінді оқу(3 минуттан аспау керек ;

ІІІ топ - 13-16 жас  -  поэзия немесе прозадан үзінді оқу

                                                                                             -3-5минут аралығында.

 

  1. Байқаудың талаптары:

3.1. Өтініш білдіру:

-  мекеме басшысының қолы мен мөрі қойылған өтініш баспа түрінде белгіленген нұсқасы бойынша(қосымша 1)тапсырылады;

  • өтініш 2023 жылғы 8 сәуірге дейін  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  электронды поштасына   қабылданады. (өтініш  түсінікті, анық   болуы керек).
  • Қатысушылар саны шектен тыс көбейген жағдайда Ұйымдастырушы комитеті көрсетілген уақытынан бұрын өтініштер қабылдауын тоқтатуға құқылы.

3.2.   Байқудың қаржылық шарттары:

- байқау ақысыз өткізіледі;

-  қатысушылардың жол жүру, тұру, тамақтану шығындарын жіберуші  қамтамасыз етеді.

 

  1. Техникалық талаптар:

4.1. Музыкалық көркемделуі тректер көрсетілген флеш-жинақтаушыда болуы қажет. Техникалық кедергілер  туындаған жағдайда  қосымша нұсқа болуы қажет.

4.2.Флеш-жинақтаушыны алдын-ала (байқаудан 1-2 күн бұрын)  оқушылар Сарайының операторына тексерту қажет.

 

  1. Бағалау мен марапаттау:

5.1. Қазылар алқасы.

- Қатысушылардың өнерін кәсіби қазылар алқасы жабық дауыс беру арқылы бағалайды. Қазылар алқасының құрамы театр, мәдениет салаларының құзырлы мамандары мен  қосымша білім беру педагогтары-балалар театрының жетекшілерінен тұрады;

- ұжым байқаудың  уақыт шектелуін бұзса, бағалау кезінде ұпайлары  шегеріледі;   

- қазылар алқасының шешімі хаттамаға енгізілгеннен кейін, соңғы болып есептелінеді және өзгертілмейді .

5.2. Бағалау критерийлері:

- тақырыпқа сәйкестігі;

- әртістік шеберлік;

- сөйлеу, музыкалық-пластикалық мәдениеті;

- шығарманың түпкі ойының жеткізу ерекшелігі;

- қатысушылардың репертуары жас шамасына сәйкестігі,

5.3. Марапаттау:

- әр  жас ерекшелігі  бойынша І,ІІ,ІІІ дәрежелі лауреаты;

- қатысқаны үшін  Сертификаттар

 

  1. Айрықша шарттар:

6.1. Қатысушылардың өнер көрсетуі ұйымдастырушылар берген кестесі бойынша өткізіледі.

6.2. Сұраныстың   қабылданғанын және  талаптарға сай толтырылғаны жайында мәлімет алу үшін, конкурс ұйымдастырушыларымен МІНДЕТТІ ТҮРДЕ  хабарласу қажет. Басқа жағдайда шағымдар қабылданбайды.

 

6.3. Ұйымдастырушы құқылы:

- байқау  барысында  түсірілген  фото - бейнематериалдар уақыт  және кеңістікпен шектелмей, жарнамалық мақсатта пайдалануға;

- қатысушылар дау-жанжал шығарып, басқа қатысушыларға, қазылар алқасы мен ұйымдастырушыға тіл тигізген жағдайларда байқауға қатыстырмауға;

-Ұйымдастырушы байқауға қатысушыларына бейнематериалдарды  пайдалануға мүмкіндік беруге.

 

Біздің мекенжай: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 50

тел.: 8 (7132) 560028 - оқу бөлімі;

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 ұялы тел./WhatsApp:+7-708-626-91-29- Сырбаева Талма Маликовна

8-771-310-94-68 - Таубатырова Мира Тыныштыковна

                                 

 

Қосымша №1               

«Қалалық оқушылар Сарайы»

МКҚК директоры

Н. Мусабековаға

"Сөздің сиқырлы күші"  облыстық

көркем сөз байқауына қатысуға

ӨТІНІШ

 

Қала, аудан

 

Мекеменің   атауы

 

Қатысушының аты-жөні

 

Жас  ерекшелігі

 

 Оқылатын шығарманың  атауы, авторы

 

Ұзақтығы /хронометраж/

 

Жетекшінің аты-жөні

 

         Жетeкшінің e-mail және тел.                           

 

 

 

Мекеме басшысының қолы, мөрі