«Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК-Юнеско клубы іс-шаралар меңгерушісі Әден Жансая Нағыметоллақызы және қосымша білім беру педагогы Сарин Еркін Бисенбайұлының ұйымдастыруымен «Зияткер» дебат клубының Ақтөбе қаласындағы ЖОББМ пікірсайысшы оқушылары арасында «Жаңа Қазақстан және жастар» тақырыбында қалалық дебат турнирі болып өтті.Турнирге барлығы 20 команда,40 оқушы қатысты.Нәтижесінде бірнеше командадан мықтылығымен суырылып жеңіске жеткендер:
І орын және кубок №51 ОМГ "SOS ka" фракциясынан Вадимова Ақгүл және Сәрсенбай Жұлдыз ;
ІІ орын №32 ОМГ Курманова Ақниет пен
Сағынаева Айшаттан құралған "White moon"
фракциясы
ІІІ орын №51 ОМГ құралған Аят Жумагазин және
Құндыз Дауыл «Ар-ұят» фракциясы;
ІІІ орын «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК Серғалиева Аида мен Сайлаубаева Аружаннан құралған «Альфа» фракциясы жеңіп алды.Сонымен қатар «Үздік спикер»және кубокты «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК тәрбиеленушісі Серғалиева Аида және «Үздік төреші» атағын «АлашОрда» клубы мүшелері Алимбаева Жанар мен Қашқын Әділет иеленді.Жеңіске жеткен командаларды шын жүректен құттықтаймыз!