Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
2024 жылғы қаңтар айында «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК - ЮНЕСКО Клубы «Жылды жақсылықтан бастаңыз» дәстүрлі қайырымдылық акциясын жариялайды. Қазіргі таңда ауруға шалдыққан /нейробластома диагнозы/ Альбакасов Ибрахимді емдеу үшін қаражат жиналуда. Бірақ Стамбул қаласына емделуге бару үшін барлық сома жиналмады. Құрметті педагогтер, ата-аналар, тәрбиеленушілер, сіздің көмегіңіз қажет! Сіздер баланың өмірге деген құлшынысын арттырып, үміт сыйлай аласыз.
Сәбидің өмірін сақтап қалу үшін, көмек қолын созып, сауапты іске атсалысуға шақырамыз! ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЖӘШІК ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ фойесінде ОРНАЛАСТЫ.