Байқауға 5-10 класс аралығынан 1 оқушы қатыса алады. Қатысушы түрлі тақырыпта екі ән орындайды. Mini және CD дискілерге жазылған фонограмма (минус) болуы қажет. Back – вокалды орындаушыға қосылушылар өз даусымен айтуы керек. Республикалық және Халықаралық байқаулардың Лауреаттары қатысуға жіберілмейді.
Жас ерешеліктері:
І топ – 5 -7 класс
ІІ топ – 8 – 10 класс
Байқауды бағалау:
1.Әншілік шеберлігі (вокалдық қабілеті, дауыстың ашықтығы, әннің сөздерін таза, ашық айтуы);
2.Әннің тақырыбы орындаушының жас ерекшелігіне, вокалды – техникалық мүмкіншілігіне сай болу керек;
3.Орындаушының ерекшелігі мен сазгерлігі;
4.Орындаушының костюмы, макияжы, аксессуарлары,т.б. жабдықтары;
5. Фонограмма сапалығы.
Байқау екі бөлімде өткізіледі:
І бөлім (іріктеу) – 24 қаңтар 2017ж., сағ.10.00
І бөлімде –бірінші ән орындалады.
ІІ бөлім ( қорытынды) – 31 қаңтар 2017ж., сағ.14.00
ІІ бөлімде -екінші ән орындалады