2016 жылдың желтоқсан айының аяғында «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында және Қазақстан Республикасының Президенті атынан өткізілген, Жаңа жылдық Шыршаның қарсаңында оқушылар, ата-аналар және педагогтерге арналған «Жаңа жылдық ойыншықтар» және «Жаңа жылдық шырша-2017» атты облыстық шығармашылық байқауларын өткізді.

Осы байқауға Оқушылар Сарайының «Қолданбалы өнер» факультетінің және қол өнер үйірмесінің тәрбиеленушілері қатысып, төрт II- орынға, бір III- орынға және бес мақтау қағазына ие болды.

Осы тәрбиеленушілерді дайындаған ұстаздар- жас мамандар, дарынды педагогтар Нәржу Айдана Аскаровна және Тулеуова Жанна Майлыбаевна.