Қала және облыс жас әншілері 24.01.2017ж. Оқушылар Сарайында «Бозторғай» атты қазіргі заман ән байқауында өз бақтарын сынап көрді.

34 сайыскерлер қала мектептерінен болса, 38-і аудандық мектептерден келді (Шалқар, Мартук, Алға, Хобда, Хромтау, Ембі, Мұғалжар аудандары).

Әншілердің шырқаған әндерінің басым көпшілігі олардың Отанға деген сүйіспеншілігін көрсетті.

Мағынасы терең, адамға ой салатын әндерде сайыскерлердің назарынан тыс қалмады. Олардың ішінде: «Өсиет», «Толғау», «Дайдидау», «Балапан қаз».

Қатысушылардың көбісі осындай кең ауқымдағы сайыста алғаш рет өз өнерлерін көрсетті. Сондықтан осы байқау барлығына болашақта үлкен жеңістердің бастауы болады деп сенеміз!