Байқаудың мақсаты мен міндеттері

Ер баланы батылдыққа, қайсарлыққа тәрбиелеу;

Бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру;

Шығармашылыққа және жасампаздыққа баулу;

Қабілеттері мен дағдыларын, ізденушілік қасиеттерін дамытып, танымдық қызығушылықтарын ынталандыру;

Жасөспірімдерді қоғамдық көпшілік шараға белсенді ат салысуға баулу, оларды сенімділікке, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.

Байқаудың өткізу мерзімі және тәртібі

Байқауға қатысу сұраныс-өтініштері 2017 жылдың 9-15 наурыз аралығында қабылданады. Байқауға 2017 жылғы 15 наурызынан кейін түскен және ереже талаптарына сай келмеген сұраныстар қарастырылмайды.

Байқаудың жүлделі орындарына ие болған жеңімпаздар

І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен және «Сымбатты жігіт», «Батыл жігіт», «Ақылды жігіт», «Тапқыр жігіт», «Шебер жігіт», «Ержүрек жігіт», «Дарынды жігіт» номинациялармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Анықтама телефоны: 8-702-311-40-01, 8-771-059-45-49 электрондық мекен-жайы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.