«Қауіпсіз жолдар- балаларға!» қалалық жол қозғалысының
жас инспекторлары байқауы
Мақсаты: оқушыларды жол тәртібін сақтауға, жол ережелерін білуге, қолдануға үйрету.
Байқау Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы және Ақтөбе қаласының білім бөлімімен бірлесіп өткізіледі.
Міндеттері:
- жол ережесін есте сақтауға қабілетін, қызығушылықтарын арттыру.
- барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
- жол ережелерін қатаң сақтау арқасында түрлі апаттардың алдын алуға болатындығын насихаттау.
Өткізілетін мерзімі, орны: 14 сәуір 2017ж., сағ.:10.0,
«Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК залы.
Қатысушылар: жалпыға білім беру орта мектептерінің 6-8 класс оқушыларынан құралған жол қозғалысы жас инспекторларының тобы қатыса алады. Жасақта 10 адам болуы керек, соның ішінде 1 - жасақ командирі, 2 – жас санитар.
Жас жол инспекторының атрибутикалары: Команда мүшелерінің киім үлгісінің сол жақ жеңінде бағдаршамның түстері бар шеврон, ал бас киімде қызыл түсті белгі болуы тиіс. Жасақ командирінің сол жағындағы шевронның үстінде алтын түсті жұлдыз болады.
Салтанатты киім үлгісі команданың шешімі бойынша қарастырылады.
Байқау шарттары:
- Командалардың салтанатты жүру шеруі. Жасақтар ұйымдастырушылар белгілеген орынға салтанатты түрде жүріп барып, орналасады. Жасақ командирі «Қауіпсіз жолдар- балаларға!» қалалық жол қозғалысының жас инспекторлары байқауына дайын екендігі туралы хабарлама тапсырады.
- «Жас санитар» тест жұмысы. (2 оқушы 10 сұрақ бойынша жауаптарын белгілейді).
- «Жол қозғалысы ережелерінің білгілері», «Білімпаздар турнирі» тест жұмысы. (қалған команда мүшелері 20 сұраққа жауап береді).
- «Көліктің тежелу жолы!»үгітбригада байқауы
- «Фотофакт» фотоәуесқойлар байқауы.
Қатысушылар мадақтамалармен марапатталады.
Орындаушылар: «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК
педагог-ұйымдастырушылары
Мәдемуханова Л.Т., Швемлер И.В.
тел.: 560023