2019ж. 18 ақпанында қалалық оқушылар Сарайында «Бозторғай- 2019» облыстық қазіргі заманғы эстрадалық әндер байқауының І бөлімі өтті.

Бұл байқау Ақтөбе облысы білім басқармасы мен «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК Ақтөбе қаласының 150- жылдығына қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Жалпы- 56 бала қатысты, соның ішінде қала мектептерінен- 24 оқушы, қала жанындағы ауыл мектептерінен - 3 бала, қала қосымша білім беру мекемесінен -1, аудан мектептерінен – 28.

Қатысқан аудандар:

- Мұғалжар ауданынан - 4 мектеп; Темір ауданынан - 2 мектеп; Әйтеке би ауданынан - 4 мектеп; Алға ауданынан - 2 мектеп; Қобда ауданынан - 1 мектеп ; Мәртөк ауданынан - 1 мектеп; Хромтау ауданынан - 2 мектеп.

Байқау шартына сәйкес І бөлімде сайыскерлер Ақтөбе қаласы туралы немесе басқа патриотттық ән орындады.

ІІ бөлімде сайыскер өз қалауы бойынша 1 эстрадалық ән орындайды.

Ақпанның 27 –не, сағ 10.00 өткізілетін ІІ бөлімге –23 сайыскер өтті. Оның ішінде: қала мектептерінен – 10 бала, қала жанындағы ауыл мектептерінен - 2 бала, аудан мектептерінен – 10, қала қосымша білім беру мекемесінен – 1.

 

@akimat_aktobe

@obrazovanie_gorod_aktobe