Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қалалық оқушылар Сарайы баршаңызды ұмытылмас жаңа жылдық мерекеге шақырады! Сіз ұлттық ертегілік кейіпкерлермен бірге 12 жылдық айналымның шығу құпиясын шешіп, қызықты жаңа жылдық кастингтің куәгері боласыз. Ал шырша жанында қызықты байқаулар мен көңілді билер арқылы Микки Маус, піл Мини, қуыршақ LOL-мен бірге New Year Party-дің таңғажайып атмосферасына енесіздер. Сонымен қатар сізді Ақшақар мен Аяз атаның сыйлықтары да күтеді.

Тышқан жылын биыл келер ортамызға,

Шын көңілмен қарсы алайық баршамыз да!

Келіңіздер Оқушылар Сарайына

Күтеміз біз әр баланы құшақ жая!

Ертегілер әлеміне енесіздер,

Ойын ойнап, би де билеп бересіздер.

Микки Мауспен, LOLмен бірге көңілденіп,

Неше түрлі ғажайыпты көресіздер!!! Бағдарламада:

- Ойындар, байқаулар, билер;

- Жас ерекшелігіне сай дискотека;

- 7 жасқа дейінгі балаларға қуыршақ театрының спектаклі.

Қойылымдар мемлекеттік тілде және орыс тілінде өткізіледі (таңдау бойынша).

Барлық жастағы балалармен өткізілетін іс-шаралардың жалпы уақыты: 1 сағат 40 минут.

Кешкі уақыттағы дискотеканың (би кеші) жалпы ұзақтығы – 2 сағат.

Жаңа жылдық мереке өтетін кезең: 2019 ж. 26 желтоқсан – 2020 ж. 3 қаңтар.

Өтетін уақыты: сағ.: 10.00, сағ.: 12.30, сағ.: 15.00, сағ.: 17.30.

Билет құны: балалар үшін – 700 тг. Ата – аналар үшін – 500 тг.

5 жасқа дейінгі балалар ата-анасымен кірген жағдайда тегін кіре алады. 2019 жылғы 5 қарашадан бастап ұжымдық өтініштер қабылданады.

Байланыс орталығы: Әбілқайыр хан даңғылы, 50. № 16 кабинет.

Байланыс телефоны: 8 (7132) 56 00 28, 8 (701) 401 37 61