2020ж 15-16 сәуірінде қалалық оқушылар Сарайында облыстық «Күмбірле, сазды домбыра» байқауы өтеді. Байқауға «Инструменталдық жанр- домбра» және «Терме» номинациялары бойынша 7-16 жас аралығындағы жалпы орта мектеп оқушылары мен қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері қатыса алады. Қатысу ақысыз. Байқаудың ережесімен www.dvorec-aktobe.kz сайтында танысуыңызға болады.