Қалалық оқушылар Сарайының жылдық жоспарына сәйкес 2017 жылдың 27 қаңтары күні қалалық «Аққұс» балалар шығармашылығы фестивалінің 1 кезеңі өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың шығармашылығын дамыту, көркем әдебиеттерді оқуға, тілімізді құрметтеуге және жергілікті кітапхана, театр, мәдени орталықтармен байланыста болуға тәрбиелеу.
«Аққұс» балалар шығармашылығы фестивалінің бөлімдері бойынша қатысуға 20 астам орта білім беретін мектептерден өтініштер қабылданды.
Қысқы «Универсиада -2017» қолдаған қаланың жасұландары фестивалді флешмобпен бастады.
Фестиваль барысында 2015-2016 оқу жылындағы фестивалдің көркем сөз жеңімпаздары ақындардың өлеңдерін оқыды. Мектеп оқушыларының түрлі тақырыптарды қамтитын бейнетүсірілімдері көрсетілді.
Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік Университет студенттері және Халықаралық Экология, Инженерия және Педагогика ғылымдары Академиясының әдескері қонақ ретінде шақырылды.
«Аққұс» фестивалінің бөлімдері (бейнетүсірілім, фотография және «ЭКСПО - 2017» көрмесіне арналған суреттер) бойынша оқушылардың жұмыстары бағаланып, қорытындыланады.
2017 жылдың 3 ақпаны күні өтетін мерекеде «Аққұс» фестивалінің жеңімпаздары сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталады.