2019 жылғы 18 наурызда қалалық оқушылар Сарайында Ақтөбе облысының білім басқармасы бастамасымен «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Театр ұжымдары «Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль» , «Әдеби – музыкалық композиция», «Қуыршақ театры» бағыттары бойынша өз өнерлерін көрсетті. Фестиваль-байқау қорытындысы:
Бас жүлде - Ақтөбе қ. № 41 ОМГ «Ғажайып» театры;
І дәрежелі диплом – «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК , «ЖасART» драма театры;
ІІ дәрежелі диплом - Қарғалы ауданы, «Жосалы орта мектеп-бақшасы» КММ «Жерұйық» театры;
ІІІ дәрежелі диплом - Мәртөк ауданы, Қ.Медетов ат. Мәртөк балалар өнер мектебі» балалар театры.
Номинациялар: «Үздік әйел адамның рөлі» - Мылтықбай Толғанай, Қарғалы ауданы, «Жерұйық» театры;
«Үздік ер адамның рөлі» - Көпберген Жансерік, Мәртөк ауданы, Қ.Медетов ат. Мәртөк балалар театры»
«Үздік орындаушылық шеберлік» - Канкумашева Дарья, «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК, Үлгілі «Колокольчик» театры. Барлық қатысушыларға сертификаттар, жүлделі ұжымдарға дипломдар мен кубок табысталды.