2017 жылдың 24 ақпанында №58 орта мектебінде қалалық оқушылар Сарайының жоспарына сәйкес "Жас Ұлан" ББЖҰ жетекшілері мен мектеп Ұланбасыларына арналған "Жарқын күнге жол ашады -" Жас Ұлан" тақырыбында қалалық семинар - практикум өтті. Шараны мектеп директоры Т.Кусниязов пен қалалық білім бөлімі ҚҒӘО әдіскері Ғ.Қаламов ашты. Семинар барысында мектеп аға тәлімгері С.Батенова ұйым жұмысымен таныстырып, мектеп директорының ТІЖ орынбасары З.Сисенова"Шаңырақ" жобасы бойынша ақпарат берді. Семинардың практикалық бөлімінде 7 бағыт бойынша шеринг әдісі қолданылды. Мектеп Кеңесінің мүшелері мен педагогтар топтық жұмыстар ұйымдастырып, әртүрлі жаттығулар ұсынды. Семинардың соңында рефлексия арттерапия арқылы өткізілді. Семинар-практикум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар үлкен әсер алды. # Қалалық оқушылар Сарайы +Мектеп+Жас Ұлан= Ынтымақтастық алаңы#