Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс» туралы 11.04.2014 жылғы №188- V Заңына және облыс әкімінің «Тұрғын халықты Төтенше жағдайлар кезінде қорғау шараларын ұйымдастыру» туралы №215 шешімі «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ 2017 жылғы 10 ақпандағы №200 бұйрығына сәйкес 2017 жылғы 1 наурызында «Қалалық оқушылар Сарайы» МККҚ ұжым қызметкерлері мен тәрбиеленушілері үшін төтенше жағдай кезінде «ғимараттан жедел шығу» жаттығуы өткізілді.
Азаматтық қорғаныс айлығы кезінде оқушылар Сарайында басқа да шаралар жоспарлануда:
- Азаматтық қорғаныс айлығына арналған «Хабарлама бұрышын» дайындау;
- Оқушыларға төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер туралы бейнефильмдер көрсету,сабақтар жүргізу;
- Төтенше жағдайлар туралы үйірмелерде баяндамалар, лекциялар оқу;
- Спорттық сайыстар өткізу;
- Оқушылар арасында Азаматтық қорғаныс айлығына арналған мәнжазба, альбом даярлау.