«Дәлме дәл» пародия шоу

А н ы қ т а м а

Өтетін күні: 26.10.2017 ж

Уақыты: сағ. 15.00

Өтетін орны: ҚОС көрермендер залы

Мақсаты: Оқушылардың музыкалық-эстетикалық, көркемдік танымын жетілдіріп, талантты балаларды қолдау; Музыка мәдениетін насихаттау.

Шарты:

1. Еліміздің немесе жақын және алыс шет ел (Россия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Қытай, Монғолия, Корея, Үнді) жұлдыздарының репертуарынан алынғын ән болуы тиіс.

2. Қатысушы сомдап отырған жұлдыздың (әншінің) негізгі стилін, киім кию үлгісін, сахнадағы орындаушылық, әртістік мәдениетін өз дәрежесінде ұсынуы шарт.

Шоуды бағалау:

1. Әншілік шеберлігі (вокалдық, орындаушылық қабілеті, сөздерді таза орындауы);

2. Сомдап отырған әртісінің бейнесін нақты жеткізе білуі (стилі, гримм, макияж, атрибуттары т.б.);

3. Репертуардың тақырыбын аша білуі (қосымша материялдар, фото, видео-слайд avi және mp4 форматта)

4. Фонограмма сапалалығы, жоғары дайындығы.

Қатысуға өтініш білдірген 24 мектептен, 16 мектеп алғашқы кезеңге жолдама алды.

Ол мектептер: №47, М.Арын, №41, №16, Ақтөбе ОМ, №14, Красносельск ОМ, Пригород ОМ, №42 ОМ, Қызылжар ОМ, №10, №27, №31, №1, №12.

Шоудың қазылар алқасы:

1. Қазылар алқасының төрайымы - Қалалық оқушылар Сарайының көркемөнер бөлімінің меңгерушісі – Сырбаева Талма Маликовна

2. Қалалық оқушылар Сарайы қосымша білім беру педагогы «Импульс» театрының жетекшісі – Кравченко Татьяна Павловна

3. Отличник образования РК, преподаватель хора и вокала Дворца школьников – Палей Вера Николаевна

Осы бөлімде қатысқан қатысушылар, қазылар алқасының тапсырмасымен келесі бөлімге басқа жұлдызды сомдауға дайындалып келіп қатысатын болады.

Үздік өнер көрсеткен мектептер:

1. Ақтөбе ОМ - Опен кидс «Круче всех»

2. №16 - Группа «Время стекло»

3. Красносельск ОМ - М.Әуелбекова «Өсиет»

4. №47 - Ернар Айдар «Қазақтың жігіттері»

5. №41 - Нюша «Цунами»

6. №14– Полина Гагарина «Кукушка»

7. №42 ОМ – Димаш «Джамайка»

8. №10 ОМ – Линет «Исян»

9. Қызылжар ОМ - А.Жорабаева «Қазақстаным алға»

10. №12 - Блэкпинк тобындағы Лиса Поп-музыка

11. №1 - Земфира

Келесі айналымға ескерту алған мектептер:

Пригород ОМ, М.Арын Қарғалы қазақ ОМ, №31 ОМ, СШЛ №27, №37 ОМ.

Орындаған: педагог-ұйымдастырушы – Абдигалиева А.О.