Ақтөбеде «The Planet of ART-2022» Халықаралық Фестивалінің жеңімпаздарын марапаттады
2022 жылдың 23 шілдесінде Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында «The Planet of ART-2022» Халықаралық Фестивалінің музыкалық циклінің ауқымды Гала-концерті өтті. Жоба Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының ұйымдастыруымен, Ақтөбе облысы Әкімдігі, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясы және Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының қолдауымен өткізіледі.
Фестиваль Қазақстандағы Балалар жылы аясында және ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының 75-жылдығын мерекеленуіне орай, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ға мүшелігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
Жобаның бас серіктесі дәстүрлі түрде Еуразиялық Топ (ERG) болып табылады, сондай-ақ ExxonMobil Kazakhstan, TengriNews, Qazaq Ballet, The Names beauty coworking және т.б.
2022 жылы Фестивальдың Гала-концертіне дейін дәстүрлі өткізілетін 12-17 жас аралығындағы 3000-ға жуық вокалдық, хореографиялық және аспаптық номинация өкілдерінің аймақтық және халықаралық іріктеу кезеңдері өткен болатын. Қазақстанның барлық өңірлерінің жас дарындары мен шетелдік өсіп келе жатқан жұлдыздары «The Planet of ART – 2022» Халықаралық Фестивалінің 38 ең жарқын финалисттері ретінде өз шеберлігін көрсетуге айрықша мүмкіндікке ие болды.
Жобаның кең ауқымы, толықтай ақысыз және ашық негізде ұйымдастырылуының нәтижесінде барлық қатысушылар, оның ішінде әлеуметтік қорғалмаған топтардан шыққан балалар мүмкіндіктеріне қарамастан шығармашылық потенциалы мен дарынын паш етуге теңдей мүмкіндік алды.
Іріктеу кезеңінен өткен ең дарынды балаларға Гала-концертке дайындалу мақсатында 8-күндік бағдарлама ұйымдастырылған болатын. Бағдарламаның көп сағаттық репетициялары мен оқу-мәдени бөлігінен басқа Қазақстанның көрнекті өнер өкілдерінің мастер-класстары Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің лауреаттарына өзінің кәсіби шеберлігін шыңдап, қорытынды өнер көрсету алдындағы дайындығын толықтай пысықтауға мүмкіндік берді.
https://aktobe-dvorec.kz/kz/zhanaly-tar/476-a-t-bede-the-planet-of-art-2022-khaly-araly-festivalini-zhe-impazdaryn-marapattady.html#sigFreeId481c11d762