2024 жылғы 18 қаңтарда қала мектептерінің аға тәлімгерлері, «Көкжиек» клубының мүшелері, «Ақтөбе» газеті – облыс баспасөзінің қара шаңырағына барып, жұмысымен танысты. Кездесу барысында «Ақтөбе» газетінің жауапты хатшысы М.Ержақыпов облыстық басылымдардың қызметі туралы баяндады. Сонымен қатар «Ақтөбе Медиа» ЖШС-ның сирек экспонаттары бар мұражайына да экскурсия жасалды. Ашық форматта өткен кездесуде педагогтер сұрақтарын қойып, өз пікірлерін ортаға салды. Кездесу соңында қатысушылар редакция ұжымына сәттілік тілеп, естелік суретке түсті.
View the embedded image gallery online at:
https://aktobe-dvorec.kz/kz/zhanaly-tar/544-2024-zhyl-y-18-a-tarda-ala-mektepterini-a-a-t-limgerleri-k-kzhiek-klubyny-m-sheleri.html#sigFreeId17da05882b
https://aktobe-dvorec.kz/kz/zhanaly-tar/544-2024-zhyl-y-18-a-tarda-ala-mektepterini-a-a-t-limgerleri-k-kzhiek-klubyny-m-sheleri.html#sigFreeId17da05882b