2024 жылдың 16 қаңтары күні Юнеско клубы «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК-де «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы нәтижелерді бағалау жүйесі және педагогикалық талдау» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.Кеңес барысында мекеме басшысы Мусабекова Н.Б. президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazagstan» газетіне берген көлемді сұхбатын мекеме қызметкерлеріне толық таныстырды және талдады.Күн тәртібінде: “Өзін – өзі тәрбиелеу-білім беру сапасын арттыру ісінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырудың бір түрі”педагог-психолог Мәжитова А.Т.
“Интернет-ресурстарды пайдалану арқылы кәсіби педагогикалық АКТ-құзыреттілік “Досжанова С. А.
“Қосымша білім беру педагогтерін аттестаттау және курстық даярлау рәсімінен өту туралы”Турсумбаева А.С. директордың оқу -ісі жөніндегі орынбасары-мәселелер қарастырылды.