2019ж. 16 наурызында Ақтөбе қаласының 150-жылдығы аясында оқушылар Сарайында «Кәусар» қобызшылар ансамблінің 10 жылдығына арналған концерт өтті.

Осы жылдар ішінде «Кәусар» ансамблі Алматы, Астана қалаларында, Түркия мен Түкменистан елдерінде өткен Республикалық, Халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленді.

Концертте көрермендер жас қобызшылардың орындауында халық әндерін, Арынғазы, Құрманғазы, Ыхыласа, Тәттімбет күйлерін, ХХ и ХХІ ғасырдың қазақ сазгерлері Н.Тлендиевтің, Е.Усеновтің шығармаларын, және Е. Брусиловскийдің, А. Дворжактың, А. Градескидың шығармаларын тамашалады.

Одан басқа көрермендердің назарына ансамбль түлектерінің орындауында монгол әні, орыс әндерінен попурри, «Либертанго» ұсынылды.

Концертке шақырылған қонақтар да өз өнерлерін көрсетті.Олар оқушылар Сарайының би ансамблі «Інжу», «Ходята- шоу» театры, музыка колледжінің студеттері.

@akimat_aktobe

@obrazovanie_gorod_aktobe