2017ж.10.12. оқушылар Сарайында Оспанов Рахат 8 жасар мүгедек балаға комек беру мақсатымен қайырымдылық концерт өткізілді. Бұл шараға оқушылар Сарайының барлық ұжымдары, қобыз класының түлектері, муз. колледжінің студентері және № 26 "Үміт" бала бақшаның тәрбиенушілері қатысты. Концертке сатылған билеттің акшасы және қайырымдылық қорынан түскен қаражат 129 389 тенге көлемінде баланың әкесі Оспанов Асылбекке табысталды. Осы қайырымдылық акциясының ұйымдастырушылары қобыз класының ата-аналары мен осы кластың жетекшісі Асылханова Г.А.
-- Игі шара әрі қарай жалғасын табады. Қобыз класының түлектерінің анасы, "Аққу" шығыс медицина орталығының директоры Зейнелова Аққу Гайдаровна өз тарапынан ақысыз балаға керекті ем беретінін айтты. Ал қобыз класының ата-аналар ұжымы рРхат пен әкесіне қала әкімшілігі берген пәтерді қажетті заттармен қамтамасіз етуді жоспарлап отыр.
https://aktobe-dvorec.kz/kz/zhanaly-tar/festivalder/308-2017zh-10-12-o-ushylar-sarajynda-ospanov-rakhat-8-zhasar-m-gedek-bala-a-komek-beru-ma-satymen-ajyrymdyly-kontsert-tkizildi.html#sigFreeId71901f9460